×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Бозымбаев несімен есте қалды?

11.06.2022, 12:41
ашық дереккөзден

Ulysmedia.kz  Президенттің Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысының әкімі қызметінен босатылған Қанат Бозымбаев ел есінде несімен қалғанын саралап көрді. 

“Құрметті Алматы және Жетісу облысының тұрғындары! Біздің өңірімізді басқару мен үшін үлкен құрмет болды. Қай жерде қызмет етсем де, мен әрдайым ата-бабамыздың жеріне қолымнан келгенше көмектесетін боламын.  Баршаларыңызға ортақ игі іс үшін алғыс айтамын.Өркендей беріңіздер”, – деп үн қатты Қанат Бозымбаев Алматы облысының тұрғындарына. 

30 мамырда желіде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың өңір тұрғындарымен сөйлескен сәтінің видеосы жарияланып,  қызу талқыға түсті.

Life.kz YouTube арнасында жарияланған видеода газды модульдік қазандықтардың жоқтығына шағымданған Есік тұрғыны мен әкімнің әңгімесі таспаланған. Ойын жеткізе алмай сәл кібіртіктеген әйелді облыс басшысы бөліп жіберген.

«Cіз менімен дөрекі сөйлесіп тұрсыз, адам санатына қоспағаныңыз ба? Сөзімді неге бөлдіңіз», – деп ренжіді тұрғын.

Тек екі модульдік қазандық салынғанын, қалған 15-і сөз жүзінде қалғанын алға тартқан Есік тұрғыны бөлінген ақша қайда кеткенін сұрады. Бозымбаев өз кезегінде қаржыны облыстық бюджет бөлетінін,  ал аймақтың қазынасы созыла беретін «резеңке» емесін айтты. Қаланың түрлі аудандарынан өтініш түсетіндіктен, ақша кезекпен беріледі деп түсіндірді әкім.

«Сонымен, бізде газдандыру қай жылы аяқталады?», - деді әйел талапты үнмен.  

«Тоныңызды өзгертіңіз. Бүкіл облыс бойынша осындай жағдай. Сіз Айдан түскен жоқсыз ғой. Өкінішке қарай ел азаматтарының 60 пайызы ғана газға қол жеткізген. Біз әлі толық газдандырылмаған елміз», - деді Бозымбаев.

Аймақ басшысы бұл мәселенің бәрін өз баяндамасында толық айтқанын, алайда тұрғындар оған құлақ аспағанын жеткізді.

Тағы бір оқиға –  әкімнің қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде толқыған халыққа басу айтамын деп, боқтаған сәті көпшіліктің наразылығын тудырды. 

Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаев ентелеген қауымға сөзін өткізе алмай әлекке түскенде “Тыңда ёпт” деп аузынан балағат шығып кеткенін өзі де аңдамай қалды. Бұл да әкімдердің халықпен етене жұмыс істей алмайтынының бір көрінісі болса керек. Қоластындағыларға әбден бұйрық беріп үйреніп қалған шенеуніктер халықпен тіл табысып жұмыс істеп үйренсе нетті.