Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен қызметінен босатылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Алматы облысының әкімі болып Марат Сұлтанғазиевтің тағайындалуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазив өз өтініші бойынша қызметінен босатылды», – делінген ведомство хабарламасында.
Қуат Сұлтанғазиев бұл ауданға басшы болып биыл 18 ақпан күні тағайындалған болатын.