×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Асхат Аймағамбетов пен Саясат Нұрбек жаңа қызметке тағайындалды

11.06.2022, 14:15

Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 “Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалсын”, – делінген Жарлықта.

Сонымен қатар Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі болып тағайындалып, Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды. 

Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша бітірді, Еуразия ұлттық университеті. Л.М. Гумилев «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Ла Сапиенца (Италия) университеті геополитика магистрі дәрежесінде, «Көкше» академиясы психология бакалавры. АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2000-2001 жылдары, Конгрессмен Марк Смит көмекшіcі (АҚШ), Айова штатының Үкіметінде (АҚШ) қызмет атқарған. 2002-2004 жылдары, Қазақстанның жастар саясатының іске асырылуына белсенді қатысты.

2006-2009 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, ҚР Президенті Әкімшілігінің Кадр саясаты секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі Проректоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры болып тағайындалды.

2010 жылдың қараша айынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті.

2013-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институтының директоры болып жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары Алматы қаласы Әкімдігі ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

2016 жылдың шілдесінен бастап Астана Халықаралық Қаржы Орталығының басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2019-2022ж.ж. National Geographic Kazakhstan ізгі елшіcі, BTS Education компаниясының басшысы.

2022 жылдың ақпанынан бері Мәжіліс депутаты. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян, испан, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.

Үйленген. Үш баласы бар.

Асхат Қанатұлы 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.

2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін — Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін ҚР білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

2019 жылғы қаңтардан маусымға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

2003–2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

2019 жылғы 13 маусымынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметін атқарды.