ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын”, – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Нұрлан Ұранхаев бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.