Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы су тапшылығы мәселесін шешу үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әкім атап өткендей, қосымша 105 мың текше метр су жеткізу үшін үшінші сорғы-сүзгі стансасының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба ағымдағы жылдың шілде айында аяқталмақ.
«Сумен жабдықтауды одан әрі тұрақтандыру үшін біз Нұрын жер асты суы кен орнынан су құбырын тарту, Тельман сорғы стансасын кеңейту, сондай-ақ Сәтбаевтан су алу нүктесі бар төртінші сорғы және сүзгі стансасын жобалау шараларын іске асыра бастаймыз», - деді Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Еске салайық, бұдан бұрын «Астана Су Арнасы» қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы туғанын мәлімдеген.
Жуырда белсенді Зарина Ғұсман астаналықтардың неліктен су мәселесіне тап болғаны туралы пікірімен бөліскен.