×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Бұдан былай табиғи байлық ел дамуына негіз бола алмайды – Тоқаев

19.04.2023, 10:19
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуі қажет. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алдымызда күрделі кезең тұр. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз.Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр. Әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кетті. Мемлекеттер қарызға белшеден батты. Сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Сондай-ақ елдердің өзара сенімі азайып барады. Мұның бәрі әлем экономикасындағы қалыпты жағдайға айналды. Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды», – деді мемлекет басшысы.

Еліміздің көп қиындықтан өтуі керегін ескерткен президент шенеуніктерге зор жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

«Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек.

Сіздер мемлекетшіл-реформатор болуларыңыз қажет. Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз», – деді Қ.Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары