×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Назарбаевтың VIP-ұшағы Мәскеуге келіп қонды

11.06.2022, 18:44
ашық дереккөзден

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі VIP-ұшақ Мәскеуге келіп қонды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Беркут» қазақстандық мемлекеттік әуе компаниясының Airbus A320 Neo ұшағының Ресей астанасына келгенін жұма күні маршрутты жазып алған авиатреккерлердің деректері дәлелдейді.

Атап айтқанда, VIP-ұшақ еуропалық ірі іскерлік авиация орталығы Внуково-3-ке келіп қонған.

Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей астанасына Владимир Путиннің шақыруымен келген. Назарбаевтың өзі Путинмен кездесуді сұрағанына дәлел бар.

«Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге ғана емес, Сочиге де баруға ниетті», - дейді ақпарат көздері.

2020 жылы Президент әкімшілігі Назарбаевқа қызмет көрсететін жаңа Airbus A320 Neo ұшағын сатып алды. Сол кезде UDP сатып алғанға ұқсас VIP конфигурациясындағы Airbus A320 Neo үшін өндіруші өз веб-сайтында 110 миллион долларлық ресми баға белгіледі.