×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Алматыға көшіп келген ресейліктер фонтан ішіне иттерін шомылдырып, дәрет сындыртқан

12.06.2022, 14:26
фото: әлеуметтік желіден

"ДАТ" басылымының жетекшісі, журналист, қоғам қайраткері Ермұрат Бапи Алматы қалалық Полиция департаментіне үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айтуынша, Алматыға көшіп келген ресейліктер фонтанға иттерін шомылдырып, ішіне дәрет сындытқан.

“Ресейден келген мынау орыстардың иттігіне Алматы қалалық полиция депатраменті шұғыл реакция жасауы керек! Киім киістері мен жүрістеріне қарағанда, Ресейден келген мынау орыстар Республика алаңындағы фонтанға иттерін шомылдырып жүр. Шомылдырғанды қойып, иттерін су ішіне тыштырып тұрғанын көріп (фотоға түсіріп үлгермедім): "Мынауың не иттік?! Бұл фонтанға балалар шомылады ғой!" десем, менің өзімді "пнх" аттандырып жібергені. Жыным келіп, жағасынан ала кетейін деп едім, иттері қабаған екен - босатып жіберсе, маған тап беретін түрі бар. Содан Ресейден Қазақстанға қашып келген сасық орыстың қылығы ашуымды қысып, дәрменсіз күйде отырмын.Бұл иттікке не істеуге болады? Қаланың бас алаңындағы фонтанға иттерін тыштырған орыстардың бұл есуастығы мен басынуын ауыздықтау керек! Әдетте митинг пен пикетке шыққан азаматты алыстан аңдып, қамауға алуға команда беретін қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевты да тегтеуді сұраймын!”, – деп жазды белсенді әлеуметтік желіде.