×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Өскемен қаласының әкімі Бекболат Тілеухан және Қайрат Сатыбалдымен туыстығы туралы айтты

12.06.2022, 15:28

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар экс-депутат Бекболат Тілеухан және белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдымен туыстық қатынасын жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

”Екеуімен де туыс емеспін. Жұбайым анасы жағынан Бекболат Тілеуханмен алыс туыс секілді. Екеуі де Қарағанды облысының бір ауылынан. Бірақ араласқан емеспіз”, -деді әкім Хабар24 тілшісіне берген сұхбтында.

Жақсылық Омардың айтуынша, желіде тараған өзінің Бекболат Тілеухан және Қайрат Сатыбалдымен бірге түскен суреті фотошоп болуы мүмкін. Өйткені олармен тойда, іс-шараларда кездескен емес. Бірақ Бекболат Тілеуханмен бір рет бірге суретке түскен.

Бекболат Тілеухан 2021 жылы 29 желтоқсанда Мәжілістен өз еркімен кетті.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі биыл 13 наурызда "Қазақтелеком" АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалдының ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.