×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Алматылықтар Досаевтың отставкаға кетуін талап етіп жатыр

12.06.2022, 16:22
ашық дереккөзден

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Серікжан Мәулетбай Алматы әкімі Ерболат Досаевтың оставкасын талап еткен қала тұрғындарын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әкім Досаев отставкаға кетсін! Азаматтарды толық қолдаймын!

Ақпан айында Тоқаев Досаевқа тығыз құрылыс мәселесін шешуді тапсырды, алайда қала басшысы бұл бағытта ештеңе істеген жоқ. 

Тұрғындар өз бетінше күресіп келеді. Алматыда жаппай құрылысқа қарсы акцияға қатысушы қайтыс болды. Оны жолды жабу кезінде көлік қағып кетті.. Мына сілтемеде  https://t.me/bessimptomno/7030 толық мәлімет бар. 

Досаев қазір Алматыдағы тығыз құрылыс мәселесін шешудің орнына  құрылысты салушылармен халықты өшіктіріп бітті. Өзінен бұрын болған әкімдерге сілтейді, олар әлдеқашан құрылысқа рұқсат беріп қойған дейді.  Досаев мырза ынта болса, бәрі шешіледі, болып жатқан оқиғаға қарасақ, сізде ешқандай ынта-жігер жоқ. Досаев отставкаға кетсін! Алматы әкімінің тікелей сайлауын талап етемін!”, – деп жазды белсенді әлеуметтік желіде.