×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Тоқаевтың осы аптада қайда баратыны белгілі болды

13.06.2022, 11:02
фото: ашық дереккөзден

Маусымның 16-ы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Маусымның 17-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. 

Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған. 

19 маусымда Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.