×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Расул Жұмалы жаңа қызметке тағайындалды

13.06.2022, 15:04
фото: ашық дереккөзден

Белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстанның Ливан Республикасындағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Расул Берекетұлы Жұмалы 1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген.

1992-2007 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Үкіметінде, сондай-ақ Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Ливия, бірқатар басқа мемлекеттерде жұмыс атқарған.

2007 жылдан бері "Эксклюзив" журналының бас редакторы. Саясаттанушы. 150-ге тарта мақалалары мен сараптамалық еңбектері жарық көрді. "Геополитика Центральной Азии. О былом и насущном" атты кітаптың авторы.