×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Мәжіліс депутаты ұшақта жолаушылардың бірін өлімнен арашалады

14.06.2022, 09:47

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов 30 сәуірде Алматы – Сеул бағыты бойынша ұшқан жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды 

Осыған орай Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің атынан компания өкілдері Мәжіліске арнайы барып, халық қалаулысына алғысхат пен арнайы сыйлық табыс етті.

– Air Astana әуекомпаниясының басшылығы 2022 жылғы 30 сәуірде  Алматы – Сеул  бағыты бойынша ұшқан жолаушыға дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, жауаптылығыңыз және белсенді азаматтық ұстанымыңыз адамның өмірін сақтап қалды, – делінген алғысхат мәтінінде.

Әуетасымалдаушы компания өкілі атап өткендей, ұшақтың бортында жолаушылардың бірінің қан қысымы төмендеп, есін жоғалта бастаған. Бортсеріктер салондағы жолаушылар арасынан медицина қызметкерлерін іздеген. Ер адам көмекке келді. Ол кейін белгілі болғандай шетелге іссапармен бара жатқан мамандығы бойынша дәрігер, Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов болды.

Ғалымжан Елеуовтің  айтуынша, адам ес-түссіз, клиникалық өлім жағдайында болған. Оның қысымы мен тамыр соғуы сиреп, жедел түрде реанимациялық іс-шаралар жүргізілген.

Мәжіліс депутаты жолаушының жүрек қызметін қалпына келтіріп, оның жағдайын жақсарта алды. Осылайша, жақын маңдағы қалаға ұшақтың шұғыл қонуы қажет болған, дегенмен 37 жастағы ер адамның жағдайы тұрақтанып, ол әрі қарай ұшуды жалғастырды.