×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«RBK Bank» ісі бойынша сотталғандардың көліктері мемлекетке қайтарылды

21.04.2023, 09:57
«RBK Bank» ісі бойынша сотталғандардың көліктері мемлекетке қайтарылды
gov.kz

Өткен жылы қаражатты тәркілеу, жер телімдерін, жылжымайтын мүліктер мен көліктерді қайтару арқылы мемлекетке 9,2 миллиард теңгеден астам шығын өтелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, Астана, Алматы және Өскемен қалаларындағы коммерциялық нысандар жергілікті атқарушы органдарға берілді.

“Астана, Алматы, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және басқа облыстардағы жер телімдерін, жылжымайтын мүлік объектілерін, өндірістік кешендерді мемлекет кірісіне айналдыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл 1,5 млрд теңге жиналды. Прокурорлар мүлікті иеліктен шығару туралы келісім-шарттарды жарамсыз деп тану туралы 36 талап арыз беріп, оның 25-і қанағаттандырылды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот Бас прокурордың наразылығы негізінде Алматы қаласының апелляциялық сотының «Горный Гигант» ықшамауданындағы жер телімдері мен «RBK Bank» АҚ жымқыру ісі бойынша сотталғандардың көліктерін тәркілеуден босату туралы шешімінің күшін жойды. Нысандар мемлекетке қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қараша айында банкир Жомарт Ертаев RBK банкінің қаражатын ұрлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жымқырылған қаражат көлемі – 144 миллиард теңге.

Онымен бірге тағы 35 адам сотталды. Іс 700 томнан және 46 эпизодтан тұрды. Айыптау актісі 280 беттен тұрды және бірнеше күн бойы оқылды.