×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Ресейден 15 мыңнан астам миллионер үдере көшуі мүмкін – зерттеу

14.06.2022, 18:12
фото: ашық дереккөзден

Биыл дәулеті бір миллион доллардан асатын 15 мыңнан астам ресейлік өз елінен кетуі мүмкін. Henley&Partners сараптама агенттігінің зерттеушілері осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ресей миллионерлерінен айрылып жатыр. Соңғы он жылдан бері Ресейден көшкен бай адамдар саны жыл сайын артып келеді. Бұны мемлекеттің қиындыққа тап болғанының бір белгісі деуге болады. Ірі мемлекеттер ыдырар алдында ауқатты адамдар шетелге топ-тобымен көше бастайды", – деп мәлімдеді сарапшы Эндрю Амойлс.

Henley&Partners мамандарының зерттеуінше, ресейлік ауқаттылар үшін АҚШ пен Ұлыбританияға көшу тиімсіз болып барады, өйткені бұл елдер олардың байлығын тексеріп көруі мүмкін. Сол себепті ресейлік ауқаттылар Біріккен Араб Әмірліктеріне ағылады деп болжайды сарапшылар. Сонымен қатар, оларды Австралия, Сингапур, Израиль, сонымен бірге Мальта, Монако және Маврикий қызықтыруы мүмкін.

Сондай-ақ, зерттеушілер жыл аяғына дейін Украинадан шамамен 2800 миллионер, яғни елдегі дәулетті азаматтардың 42 пайызы көшіп кетуі мүмкін деген пікірде.