×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Атырау облысында науқасқа тиісті ем-дом жасамаған екі дәрігер сотталды

15.06.2022, 12:08
фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында пневмония және қатар жүретін қант диабеті диагнозымен түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпегені үшін жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері мен анестезиолог-реаниматологы сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Істі Құрманғазин аудандық соты қарады. Айыпталушылар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері мен анестезиолог-реаниматологы болды. Оларға кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны, абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін айып тағылды. Олар 2020 жылдың 29, 30 және 31 желтоқсанында пневмония және қатар жүретін қант диабеті диагнозымен түскен науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетпеген.

Дәрігерлердің кәсіби міндеттеріне немқұрайлы қарауы және олардың дұрыс орындамауы салдарынан науқас қайтыс болды. Сот айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен және сот-медициналық сараптама комиссиясының қорытындысымен расталағанын айтты.

Сот жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерін екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, үш жылға дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айырды. Сондай-ақ анестезиолог-реаниматолог екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылып, сол мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Алайда амнистия бойынша олар бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазадан босатылды.

Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына сегіз миллион теңге моральдық шығын өндірілді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.