Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында Мәжілістің таратылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бүгінгі күнде оған заңды негіз жоқ. Қазіргі кезде біздің мақатымыз - референдумда қабылданған әрі Конституцияға енгізілген өзгерісті заңдастыру. Сол бойынша 30-ға тарта заң жобасы бізге келіп түседі. Осы заң жобаларын біз жылдың аяғына дейін қабылдауымыз керек», - деді Мәжіліс спикері.
Ерлан Қошановтың сөзінше, палатаны тарату мәселесін президент шешеді.
«Тарату немесе таратпау мәселесін Президент шешеді. Сондықтан бұл дүниеде бәрі мүмкін», – деді палата төрағасы.