×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қаңтар оқиғасы кезінде маған елден ұшып кетуді ұсынды – Тоқаев

15.06.2022, 15:07
фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің  "Россия 24" арнасына берген сұхбатында елде болған қаңтар оқиғасы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент ел тағдыры таразыға түскен сындарлы сәтте резиденцияда түнегенін жеткізді.

"Барлық төңкерістің мақсаты – басқа адамдардың билікке келуі. Өзім туралы айтар болсақ, мен бұл күндері осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда шықпадым. Тиісінше осында түнедім. Оқиға басталған сәттен бері мен астанадан кетпейтінімді айттым", – деді президент ресейлік журналист Андрей Кондрашовке берген сұхбатында. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы ұшаққа немесе тікұшаққа отырып, Қазақстаннан кету туралы ұсыныс болғанын ашып айтты.

"Әлбетте, мен мұндай қадамды жоспарламадым. Соңына дейін осында болу керек деп шештім", – деді Қ.Тоқаев.