×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

«Қазақстанды Ресей құтқарды»: Тоқаев еліміздің «мәңгілік қарызы» туралы қауесеттерге нүкте қойды

15.06.2022, 18:06
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев  "Россия 24" арнасына берген cұхбатында Қазақстанның ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуы туралы қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан осы интеграциялық бірлестіктерде өзінің қызметін ұстанады. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты салқындық танытып отыр және осы ұйымдардан шығады деген қауесеттер шындыққа жанаспайды. ҰҚШҰ-ға тоқталсақ, Мәскеудегі сөзімде Қазақстанға шектеулі контингентті жіберу арқылы ҰҚШҰ 30 жылдың ішінде алғаш өзін көрсеткенін айтқан едім. Атап айтқанда, бұл контингентті Ресей емес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жіберді», - деді мемлекет басшысы.

Президент  “Ресей Қазақстанды құтқарды, енді Қазақстан Ресейге мәңгілік қарыздар” деген жаңсақ пікірді сынға алды. Оның сөзінше, мұндай сөз айтуға еш негіз жоқ.

«ҰҚШҰ-да Қазақстан белсенді қатысушы ретінде көрініп отыр. Ал бұрындары бұл ұйым саммитерді өткізумен, декларацияларға қол қоюмен айналысып жүрген еді. Енді ұйым өзін айтарлықтай тиімді жағынан көрсете алды. Басқа жағынан алып қарағанда, бұл жағдайға саяси астар беруге, сондай-ақ қысыр әңгімеге айтуға болмайды», - деді Мемлекет басшысы