×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Тоқаев ресейлік депутаттарға ескерту жасады

18.06.2022, 10:13
Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ресейлік депутаттың, қоғам қайраткерлерінің Қазақстан туралы айтқан сөздері Ресейдің өзіне зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мен бірқатар ресейлік депутаттың, журналистің, тіпті мәдениет қайраткерінің Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне қатысты наразылығымды білдіргім келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург Халықаралық экономикалық форумының панельдік сессиясында.

Сондай-ақ ол Кремльдің Қазақстанға және басқа мемлекеттерге қатысты ұстанымын толық білдірген Владимир Владимировичке ризашылығымды білдірді.

"Олар сол арқылы Ресейдің өзіне зиян келтіріп отыр. Бұл мәлімдемелер маған түсініксіз. Олар Қазақстан басшылығының шешімдеріне немесе біздің елімізде болып жатқан оқиғаларға қандай да бір оғаш түрде пікір білдіреді", - деп атап өтті президент.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Сондай-ақ ол Қазақстанда 9 мамырда өтетін әскери шерудіңң тоқтатылуына көңілі толмайтынын айтып, Ресейдің "жауапты тұлғалары" "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" екендігін мәлімдеген еді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген