×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Ең ауыр жұмыс": Министр МАЭК жұмысшыларының мардымсыз жалақысы жайлы не дейді

25.04.2023, 13:03
newtimes.kz

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "МАЭК" кәсіпорны жұмысшыларының жалақының төмендігіне қатысты шағымдары жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр энергетика саласында өндірістік қызметкерлердің орташа жалақысы 150-200 мың теңгені құрайтынын атап өтті.

"Бұл – ең ауыр жұмыс. Тәулік бойы жұмыс. Кешен күндіз де, түнде де жұмыс істейді. Апаттар, өндірістік жарақаттану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бар. Тарифтерден, республикалық бюджеттен және тікелей инвестициялардан басқа қаржыландыру көздері жоқ. Бұл мәселе бақылауда. Біз кәсіпорынның өндірістік қызметкерлері әділ жалақы алуы керек екенін түсінеміз", - деді Сәтқалиев Үкімет кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, 15 Сәуірде Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеөтініш жазған болатын. Олар кәсіпорын басшылығын өзгертуді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті. Олардың айтуынша, жағдай “екінші Екібастұзға” айналудың аз-ақ алдында тұр.

Кейінірек жұмысшылар шағымдарын жоққа шығарып, тағы бір бейнеүндеу жазды.

МАЭК жұмысшылары шамамен 160 мың теңге алатыны хабарланды, ал кәсіпорын басшылығы 1,5 миллион теңге алады.

Серіктес жаңалықтары