×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Тоқаев Александр Невский орденінен бас тартты

18.06.2022, 14:41
ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттігі аяқталғанға дейін отандық та, шетелдік те наградаларды қабылдамауға шешім қабылдады. Бұл ақпаратты Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Желіде тараған хабарламаны tengrinews.kz сайтының тілшісіне Ақорданың баспасөз қызметі растады.

Ербол Еділовтың мәліметінше, Ресей тарапы Қасым-Жомарт Тоқаевты Александр Невский орденімен марапаттауды ұсынған. 

«Мемлекет басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Алайда, ол президенттік өкілеттік аяқталғанға дейін отандық немесе шетелдік марапаттарды қабылдамауға шешім қабылдады. Дәл сол себепті Президент жақында Бішкекке жасаған сапары кезінде Қырғызстанның бірінші дәрежелі «Манас» жоғары орденінен бас тартты», - деп жазды ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен форумда ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындамайтынын Путиннің көзінше ашық айтты.