Бұл туралы Ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
“Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері! Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр. Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады”, – деді мемлекет басшасы.
Сондай-ақ ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты екенін айтты.
“Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!”, – делінген құттықтауда.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлерінің күнін атап өтіледі.
Кәсіби мерекені атап өту 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен белгіленген.