×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Рамзан Қадыров Тоқаевтың ескертуінен кейін мәлімдеме жасады

19.06.2022, 09:07
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасындағы видео үндеуінде ҰҚШҰ елдерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ Қадыров ҰҚШҰ-ның Ресейге еш пайдасы жоқ екенін айтты.

«Украинашыл саясатты белсенді жүргізіп жатқан еуропалық елдерден айырмашылығы, ҰҚШҰ елдері Батыстың санкцияларына ұшыраудан қорқып, украиналық бандера мен фашистерге қарсы күресте Ресейді мүлде қолдамайды», - деді ол.

Шешенстан басшысы сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің басшыларын бірігіп, өз пікірін білдіруді сұрады.

«Ресей Қазақстанды сақтап қалды... Егемендігінен айырыла бастағанда кім көмектесті? Ресей! Армения мен Әзірбайжан арасындағы соғысты кім тоқтатты? Ресей мен Путин! Беларусьті кім құтқарды? Ресей!,» - деді ол.

Қадыров ҰҚШҰ елдерінің үнсіздігіне таңғалатынын және Батыстың санкцияларынан қорықпай, өздерін нағыз «Ресейдің одақтастары» сияқты ұстауға шақыратынын айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейге барған сапарында бірқатар ресейлік депутаттың, қоғам қайраткерлерінің Қазақстан туралы айтқан сөздері Ресейдің өзіне зиян келтіретінін ескерткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Сондай-ақ ол Қазақстанда 9 мамырда өтетін әскери шерудіңң тоқтатылуына көңілі толмайтынын айтып, Ресейдің "жауапты тұлғалары" "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" екендігін мәлімдеген еді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген