×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қауіпсіздігі осал банктер қазақстандықтардың алаяқтар ұрлаған ақшасын өтеуге міндеттеледі

26.04.2023, 11:03
фото: ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қауіпсіздігі осал банктерді алаяқтар ұрлаған ақшаны қазақстандықтарға өтеуге міндеттеуге ниетті. Бұл туралы агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Егер ақпараттық қауіпсіздіктің өзі немесе ақпараттық жүйелер салымшының ақшасынан қаражат алуға мүмкіндік берсе, яғни бұл салымшының кінәсі болмаса, біз банктің залалды өтеу жөніндегі міндетін заңнамалық деңгейде қарастырғымыз келеді", - деді Әбілқасымова Мәжілісінің кулуарында журналистерге.

Оның айтуынша, бұл үшін алаяқтық операциялардың барлық типологиялары, ақпараттық қауіпсіздікке, мобильді қосымшаларға қойылатын талаптар нақты жазылған тетік, алгоритм әзірленуде.

"Егер бұл талаптар бұзылса, қаржы ұйымдары үшін тиісті салдарлар болады", - деді ол.

Әбілқасымованың дерегінше, тиісті заң жобасы Мәжіліске маусым айының соңына дейін енгізілмек.

Серіктес жаңалықтары