×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

СҚО шенділері балабақшаларды заңсыз тексермек болған

26.04.2023, 12:56
СҚО шенділері балабақшаларды заңсыз тексермек болған
ortalyq.kz

Солтүстік Қазақстан облысында білім бөлімдері жекеменшік мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарды заңсыз тексермек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы республикалық тәжірибені талдау аясында шағын және орта бизнес өкілдерін негізсіз тексеру фактісінің алдын алды.

Облыс аудандарының және Петропавл қаласының білім бөлімдері жеке балабақшалармен жасаған шарттарға оларды тексеру іс-шараларымен қамту құқығын беретін тармақты енгізген.

Мәселен, СҚО-да 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, кәсіпкерлермен білім бөлімдері мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қызмет көрсету шарттарын жасасқан.

«Осылайша, тапсырыс берушілер ҚР Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының талаптарына, сондай-ақ 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын-орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланғанына қарамастан бақылау және қадағалау органдарының функцияларын өздеріне жүктеген» деп түсіндірді ведомство.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшылығы мен облыстың білім басқармасы басшылығы кездесіп, нәтижесінде заңды бұзатын тармақты шарттардан алып тастау туралы шешім қабылдады.