×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Годунова: Президент тапсырмасына қарамастан Ұлттық қор жұмсалып жатыр

20.06.2022, 10:39
Фото: Ашық дереккөзден

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында Ұлттық қордың ресурсы ұсталып жатқанын тағы мәселе ретінде атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлтттық қордың ресурсын пайдалану жөнінде: Ұлттық банк қаржы ресурстарын жинап, болашақ ұрпаққа қалдыру үшін құрылған. Одан бөлек бюджеттің әлемдік шикізаты қорының алдындағы тәуелділігін азайтуға бағытталған. 2015 жылдан бері Ұлттық қор белсенді түрде тұтыну сатысында келеді. 2019-2021 жылдар аралығы туралы ештеңе айта алмаймыз. Шынында да дағдарысқа қарсы іс-шараларды қаржыландыру қажеттігі туындады. Пандемияға байланысты», - дейді Годунова.

Комитет басшысы 2021 жылы жағдай едәуір жақсарғанын айтып өтті.

«Республикалық бюджет Ұлттық қорға тәуелді болмауы керектігі жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан 2021 жылы қордың 4,5 трлн теңгесі жұмсалып кетті. Түсім ол кезде 4,3 трлн теңгені құраған. Заңнамаға сәйкес, трансферт қарастырылған және айқындалған бағытта бөлінуі керек. Ал 30 пайыздық төмендетілмейтін қалдыққа ешкім тиіспеуі тиіс», - деді ол.