×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Тоқаевтың Путинді түйреп өткен мәлімдемесі жайлы фильм көрсетіледі

22.06.2022, 09:32
фото: ашық дереккөзден

ҚР Президентінің телерадиокешені қазақстандық телеарналардың эфирінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойлық 25-ші Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысуы туралы деректі фильм көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фильмде Ресей президенті Владимир Путиннің форум кезінде Тоқаевқа не үшін алғыс білдіргені, Мемлекет басшысы Ресей депутаттарының Қазақстанға қатысты мәлімдемелері туралы қалай айтқаны және Тоқаевтың пікірі бойынша жаһандық бәсекелестік жағдайында мемлекеттердің өзін-өзі оқшаулауы неге әкелуі мүмкін екені жайлы көрсетілмек.

Телерадиокешен таратқан хабарламада фильмнің экрандардан жақын арада көрсетілетіні айтылған, бірақ нақты күні айтылмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 17 маусымда Ресейде 25-ші Петербург Халықаралық экономикалық форумы өтті, оған Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен қатысты.

Форумда Мемлекет басшысы Украинадағы соғыс туралы айтып, Қазақстан Донецк және Луганск халық республикаларын мойындамайтынын мәлімдеді