×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Тарихи сәт: Молдова мен Украинаға ЕО-ға үміткер елдер мәртебесі берілді

24.06.2022, 09:33
фото: ашық дереккөзден

Еуроодақ саммитінде Украина мен Молдоваға одақ мүшелігіне кандидат статусын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрынғы кеңестік екі республиканың ЕО мүшелігіне өтінімдері рекордтық қарқынмен қаралды. Еуроодақ төрағасы бұл елдердің Еуропалық Одақтағы критерийлерге сай болу үшін үлкен өзгерістер жасап, кемшіліктерді түзету керек екенін ескертті.

Саммитте сөз сөйлеген Франция президентті Эммануэль Макрон Одақтың Украинаға практикалық көмек көрсеткенін атап өтті.

«Біз жылдам, тарихи маңызды және біртұтас шешімдер қабылдадық. Украинаға макроэкономикалық, әскери, қаржылық қолдау көрсеттік, енді осы саяси қимылмен қолдау білдірудеміз», - деді Франция президентті Эммануэль Макрон.