×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Тоқаев Қырғызстанның экс-президентімен кездесті

25.06.2022, 15:25
Фото: 24.kg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Нұр-Сұлтанда Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев пен оның жұбайы Майрам Акаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы 24KG сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Нұр-Сұлтанда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен оның жұбайы Майрам Ақаеваны қабылдады. Тараптар ғылым, білім беру, цифрлық экономика және адами ресурстардың даму үрдістері, сондай-ақ климаттың өзгеруі және әлемде болып жатқан оқиғалар мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақаев 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ежелгі дәуірдегі демографиялық динамика және адамзаттың болашағы» тақырыбында дәріс оқыды.