×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Америкалық қару Ресейдің командалық пунктінің күлін көкке ұшырды (ВИДЕО)

27.06.2022, 10:35
фото: дереккөз

АҚШ-тың «HIMARS» қаруының көмегімен украиналықтар Ресей армиясының Изюмдегі командалық пунктін жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

Украина әскерінің ресейліктердің Харьков облысының Изюм қаласындағы мектепте орналасқан командалық пунктін тас-талқан еткен сәті түсірілген видео ақпарат құралдарында жарияланды.

Басылымның хабарлауынша, видеода РФ Қарулы күштерінің Воронеждегі Батыс әскери округі 20-армиясының командалық пунктінің қалай жойылғаны түсірілген. Сондай-ақ, Ресей Қарулы күштері десант жауынгерлерін басқару пунктінің жермен-жексен етілгені бейнеленген тағы бір видеода желіде кең тарады.