Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның қай өңірінде ерлер көп тұратынын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Бюроның мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы – ер адамдар.
0-14 жас аралығында – 3 млн ұл бала. 15 пен 62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, 63 және одан жоғары жастағылар – 767 мың зейнеткерлер.
Өңірлер тұрғысында ең көп ерлер саны Түркістан облысында 1079 мың, ең азы Ұлытау өңірінде - 108 мың.
Жұмыспен қамту мәселесіне келсек, ерлердің басым бөлігі өнеркәсіпте – 16,8%, көтерме және бөлшек саудада 14%, автокөлік жөндеуде, тағы 14% ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.
Айта кетейік, ерлердің өмір сүру ұзақтығы - 70,2 жас. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрудың орташа жасы – 28 жас.