×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Қаржы министрі Жамаубаев айлығы қанша екенін айтты

28.06.2022, 10:10
Фото: Ашық дереккөзден

Министр болумен қатар вице-премьер қызметін атқаратын шенеунік 1,5 млн теңге алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер министрдің айлығын кулуарда сұраған.

«Өз айлығым туралы айтар болсам, негізгі айлығымды қаржы министрі болғаны үшін аламын. Мұнда маған вице-премьер болғаным үшін қосымша ақша береді. Шамамен айлығым – 1,5 млн теңге. Жалпы осы. Ал министр ретінде айлығым 1,3 млн теңге», - деді ол.

«Сонда вице-премьерлік үшін бар-жоғы 200 мың теңге аласыз ба?» деген сұраққа «иә, бірақ ол сұрақ маған қойылмауы керек шығар» деді.