×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан сайт анықталды

28.06.2022, 13:17
фото: ашық дереккөзден

Прокурорлар сәбилерді сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік сайтты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, сайтта жаңа туған нәрестелерінен бас тартқысы келетін жас әйелдердің және балаларды асырап алғысы келетін адамдардың хабарландыруы жарияланған.

Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінді.

Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды. Материалдар Қылмыстық кодекстің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, - деп жазылған хабарламада.