×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Назарбаев канцеляриясының көлемі мен қызметкерлері қысқарды – Әшімбаев

11.05.2023, 11:15
Фото: Ашық дереккөзден

Сенат төрағасынан бүгін журналистер «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың канцеляриясының керегі бар ма? Оған миллиардтаған қаржы бөлудің қажеті қанша?» деп сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің білуімше, канцелярияның көлемі қысқарған. Алайда оның нақты қанша екенін айта алмаймын. Онда жұмыс істеп жатқан адамдардың саны да күрт қысқарған. Осыған байланысты бюджетті қарағанда біз қаржы мәселесін қарайтын шығармыз. Сондықтан онда бұрынғыдай біраз адам жұмыс істеп жатқан жоқ әрі қазір үлкен функциялар да жоқ», - деді Мәулен Әшімбаев бүгін сенат отырысынан кейін.

Оның айтуынша, батыс мемлекеттерінде АҚШ-тың мысалына қарауға болады.

«Онда экс-президенттердің кітапханалары, музейлері, кішігірім аппараты болады. Бұл жалпы дамыған мемлекеттердегі бар үрдіс. Егер президент қызмет етсе, оның қағаздары мен кітаптары, 1-2 көмекшісі болуы мүмкін. Оның жанында жүретін адамдары болуы керек шығар. Сондықтан мұнда біз ешнәрсені өзіміз тауып жатқан жоқпыз. Ол батыс мемлекеттерінде бар үрдіс. Осыдан біз үйренуіміз керек.

Бұрынғыдай сіз айтқан миллиардтаған қаржы, функциясы бар, мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін институт туралы әңгіме жоқ. Онда канцелярия қазір жоқ. Адамдары қысқарған. Қаржы мәселеніне байланысты қаржы министрлігімен бірге бюджетті қарағанда алдағы уақытта талқылаймыз деп ойлаймын», - деді Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары