×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Министрлердің көбі Мәжіліске «отписка» үшін келеді – депутат

30.06.2022, 14:33
фото: ашық дереккөзден

Мәжілісмен Жанарбек Әшімжан депутаттардың алдына дайындықсыз келетін, қойылған сауалдарға толық жауап бере алмайтын Үкімет мүшелерін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз осы мәселеге қатысты депутаттар тарапынан наразылық білдіргенбіз. Былтыр да осылай болған. Өйткені, олардың көбі орысша айтқанда «отписка» үшін келіп, жауап береді. Жылдың басында Үкіметке көңіліміз толмайтынын палата отырысында да айттық. Олар Мәжіліс жиынына дайындықсыз келеді. Мемлекеттік тілге шорқақ, нақты қойылған сұрақтарға жазбаша жауап беруге рұқсат сұрайды», – деді депутат.

Жанарбек Әшімжан Парламенттегілер бұл мәселеге қатысты бірнеше мәрте ескерту жасағанын еске салды.

Бір-бірімізге хат жазып отыра берсек, жұмыс бітпейді ғой. Осы мәселеге қатысты депутаттар тарапынан наразылық болды. Алайда бұл мәселе жолға қойылып келе жатыр, - деді депутат.

Айта кетейік, бұдан бұрын екіншісі сессияны қорытындылаған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет жұмысын сынға алған еді