×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Экс-президенттің қызы иелік еткен Гонконгтағы пентхаус 68,4 млн долларға сатылды

01.07.2022, 12:23
көрнекі фото

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримова мен оның серіктеріне тиесілі делінген Гонконгтағы The Arch деп аталатын пентхаус 68,4 миллион долларға сатылған. Бұл туралы The Globe and Mail басылымына сілтеме жасап Gazeta.uz хабарлады.

Басылым мәліметінше, пентхаусты 2008 жылы Гүлнара Каримоваға байланысы бар екені айтылып жүрген Zeromax компаниясы 36,5 миллион долларға сатып алған. Үш айдан кейін ол Rudolph Alliance атты офшор компанияға арзандатылған бағаға қайта сатылған. Аталған компанияның негізін қалаушы қатарында Каримованың бұрынғы күйеуі Рустам Мадумаров басқаратын Гонконгтағы Expoline компаниясы көрсетілген.

Канадалық басылымның дерегіне сүйенсек, бірнеше елде жүрген тергеу істері де, Гүлнара Каримованың 2013 жылы сотталуы да, ірі көлемдегі қаржы қозғалысына тұсау болмаған. 2016 жылы The Arch пентхаусына иелік еткен және Рустам Мадумаров бақылауындағы компания оны 68,4 млн долларға қайта сатқан.

Осыған дейін Гүлнара Каримованың женевалық адвокаты Грегуар Манжа Каримованың Zeromax компаниясына қатысы бар екенін теріске шығарып келген.

Айта кетейік, 2015 жылы Гүлнара Каримованың бес жылға бас бостандығынан айырылған. 2020 жылдың наурызында сот оны  "Мемлекет қаражатын талан-таражға салу", "Өзбекстан мүддесіне сәйкес келмейтін келісімдер құру" және "Өзгенің мүлкін иелену" баптары бойынша айыпты деп танып, 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.