×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалына қомақты айыппұл салынды

05.07.2022, 15:41
фото: ашық дереккөзден

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты тексеру қорытындысы бойынша ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Хаттамалар табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін толтырылды, онда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Шымкент өндірісітік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, заңнамада белгіленген мерзімдерде реттеліп көрсетілетін қызметке қосуды жүзеге асырмады, бұл өз кезегінде "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу болып табылады", – деп жазылған хабарламада.

Аталған әкімшілік істерді Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап, шешім шығарған.

"Сот шешімімен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Шымкент өндірісітік филиалы жалпы сомасы 18 378 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті.