×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қытай Украиндағы әскери қақтығыс Еуропада ядролық соғыс тудыруы мүмкін деп есептейді

07.07.2022, 15:28
ашық дереккөзден

Қытай әскери сарапшысы Сун Чжунпин Еуропа елдері өз еркінен тыс әскери қақтығысқа тап болуы мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Егер әскери дағдарыс жалғаса берсе, ұлғайса, Еуропа өз і қаламаса да, оған күштеп тартылады. Әскери қақтығыс созылса, бұл Ресей мен НАТО арасында текетірес туғызады. Бұндай жағдайда Еуропада ядролық соғыс болуы мүмкін", — деп келтіреді РИА Новости Чжунпиннің сөздерін.  

Сарапшының айтуынша, АҚШ-тың өңірде басым болуға талпынуы Еуропа билігінің наразылығын туғызып отыр. Бұл ретте Еуроодақ АҚШ Украинадағы жағдайды Еуропаны бақылау және Ресейді ұстау үшін пайдаланып, өзі Киевке айтарлықтай көмек көрсетпей отыр деп есептейді. 

Ресей 24 ақпанда Украина аумағына басып кірді.