×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Блогер Аслан Өтеповке үкім шықты

23.05.2023, 15:09
Блогер Аслан Өтеповке үкім шықты
azattyq.org

Оралда заңгер, блогер Аслан Өтепов 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Блогерге қатысты сот отырысы биыл 24 наурызда басталған еді.

Былтыр 30 желтоқсанда Аслан Өтепов 300 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Келесі күні тергеу соты оны 2 айға қамауға алуға рұқсат берді.

Өтеповке алаяқтық жасады және пара берді деген айып тағылды. Оның мүддесін сотта Руслан Шағатбаев қорғады. Жәбірленушілер – Байсариева мен Павлов.

Бүгін қалалық сотта судья Роза Сариева үкімді оқыды.

Аслан Өтепова кінәлі деп танылсын. Оған 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынсын. Жәбірленушілердің азаматтық талабы қанағаттандырылсын. Өтеповтен Байсариеваның пайдасына 900 мың теңге, Павловтың пайдасына 2 миллион теңге өндіріп алынсын, - деді судья.

Сотталушы Аслан Өтепов соттың үкімімен келіспейтінін айтты.

Еске салайық, бұдан бұрын блогер түрмеде аштық жариялаған болатын.