×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Тоқаев Путинмен не талқылады?

12.07.2022, 16:09
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтты.

Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берді.