×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Елорда сотының төрағасы тағайындалды

13.07.2022, 12:12
фото: ашық дереккөзден

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов сот ұжымына Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Ақан Жұмағұловты таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен елорда сотының төрағасы қызметіне тағайындалды, – делінген қалалық сот хабарламасында.

Әбдірашит Жүкенов елордалық соттың жаңа төрағасын судьялар корпусында өзін танытқан жоғары білікті маман ретінде сипаттады.