×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Билл Гейтс бар байлығын қайырымдылыққа беруге ниетті

14.07.2022, 09:19
фото: ашық дереккөзден

Америкалық миллиардер, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс  бар дәулетін өзінің Gates Foundation қайырымдылық қорына өткізіп, уақыт өте келе әлемдегі ең бай адамдардың тізімінен шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол соңғы жылдары әлем пандемия, Украинадағы соғыс және климаттың өзгеруі сияқты көптеген проблемаларға тап болғанын атап өтті.

"Менің жоспарым – өзіме және отбасыма жұмсайтыннан басқа барлық байлығымды қорға беру", - деді ол.

Миллиардердің сөзінше, жаһандық проблемалардың көбейгені соншалық, әлем халқының жарқын болашаққа деген сенімі сейіле бастаған.

"Мен қайырымдылықты көбірек жасау арқылы қиындыққа тап болған жандардың қасіретін жеңілдетіп, әр адамға салауатты және өнегелі өмір сүруге мүмкіндік бере аламыз деп үміттенемін", - деп жазды Гейтс.

Айта кетейік, Билл Гейтстің байлығы 122,3 миллиард долларға бағаланады, ол Forbes-2022 нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 4-ші орынға жайғасқан.