×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Керек болса құқық қорғаушылардың өзін қатаң жазалаймыз – Президент

14.07.2022, 11:56
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және заңсыз алынған мүлікті қайтаруға қарсы жұмыс басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Соңғы уақытта қызметі айтарлықтай төмендеген тиісті комиссиялар құрылды. Тауар нарықтарын монополиясыздандыруға және капиталды қайтаруға бағытталған шараларды тезірек қабылдау қажет», - деді президент.

Бұл ретте адал кәсіпкерлікке қатысты кез келген шектен шығулар мен қиянаттарды болдырмау қажет деді ол. 

«Ал бізде мұндай фактілер бар – жер-жерде кәсіпкерлерге қысымшылық анда-санда жалғасуда. Бұлай жалғаса берсе, тәртіп сақшыларының өздеріне қатаң шара қолданамыз», - деді Тоқаев.