×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматы әуежайын басып алу ісі: Әйгерім Тілеужановаға қатысты бұлтартпау шарасы өзгерді

29.05.2023, 17:51
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот сотталушы Әйгерім Тілеуженоваға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұлтартпау шарасы үйқамақтан ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертілді. Бұл туралы Айнара Айдарханова хабарлады.

Айта кету керек, бұрын Тілеужановаға адвокаттар мен анасынан басқа адамдармен сөйлесуге тыйым салынған. Сонымен қатар, оған әлеуметтік желілерді пайдалануға және көпшілік алдында мәлімдеме жасауға болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділер Әйгерім Тілеужанова мен Қалас Нұрпейісов, сондай-ақ Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев және Жанайдар Кәрменов әуежайды басып алды деген айыпт тағылып отыр.

Белсенділер Тілеужанова мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды (ҚР ҚК 272 - бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, ал Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен "КазАэроНавигация" РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары