×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"О бастан абсурд шешім": сарапшы оқу жылын ұзарту неліктен қате болғанын айтты

30.05.2023, 08:33
"О бастан абсурд шешім": сарапшы оқу жылын ұзарту неліктен қате болғанын айтты
фото: ашық дереккөзден

Биыл қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 1-сынып оқушылары үшін 35 оқу апта, 2-11-ші сынып оқушылары 36 апта білім алады. Элитолог Ербол Еділов министрліктің оқу жылының ұзарту туралы шешіміне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мамыр айының соңы – оқушылар үшін мерекелік көңіл-күйде жүретін, демалысты асыға күтетін ерекше кезең. Алайда, биылғы жылы олай емес. Өйткені әлдекім салдарын ойламастан демалыс күндерін қысқарту арқылы оқу жылын ұзарту туралы шешімге қол қойды да жіберді", - дейді сарапшы.

Еділов бұл шешімге қоғамдық ұйымдар, депутаттар, мұғалімдердің өздері қарсы болғанын, ал ата-аналар тіпті өре түрегелгенін атап өтті.

"Бастапқыда Білім және ғылым министрлігінің шешімі (бөлінгенге дейін) өте жақсы көрінді – мұғалімдерге жүктеме аптасына 18-ден 16 сағатқа дейін қысқарды. Сонымен қатар, көптеген оқушылар сенбі күні демала бастады. Алайда, бізде артық қылам деп тыртық қылатын жағдайлар көп. Белгілі болғандай, бұл жаңалық, басқа мәселелерді айтпағанда бюджетке 180 млрд теңгеден салмақ түсірген", - дейді сарапшы.

Ербол Еділов  "о бастан абсурд шешім" қабылдаған кезде министрліктегілер қандай дәйекке сүйенгенін түсінбей дал.

"Бүкіл Қазақстан бойынша миллиондаған ата-аналар сияқты мен де оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту не үшін керек болғанын түсінбеймін. Мектеп бағдарламасына сәйкес келу керек, аптасына оқу сағаттарының қысқаруына байланысты жылдың оқу күндерін көбейту қажет деген дәйектер айтылды. Бұл дәйектерді дұрыс дейін десек, мұны қарапайым факт бұзады – қазір оқушылардың дені оқулықтарын тапсырып қойған. Мектеп бағдарламасының орындалуы туралы сөз қайда қалды сонда?",- деп таңғалады ол.

Элитолог сонымен қатар оқу жылын ұзарту төңірегіндегі тағы бір ақылға қонбайтын жағдайға назар аударды.

"Бұл абсурдтың тағы бір ұшы – "соңғы қоңырау". Бұрын ол дәстүрлі түрде 25 мамырда соғылатын. Бұл тек бітіруші түлектер және бірінші сыныптар үшін ғана емес, барлық мектеп оқушылары үшін де мереке болды. Енді олар мектепке барып, онда босқа уақыт өткізуге мәжбүр. Бұл тәртіпке баулиды деп ойлайсыз ба? Олай емес-ау. Алайда, балалар, бәлкім, болашақ үшін жақсы бір сабақ алған шығар – олар бір түйір қағаз бәрінен құнды саналған жағдайда мұндай сорақылықтар  ересек өмірде де болып тұратынын білді", - деп қорытындылады ол.

Еске салайық, бұдан бұрын экс-министр Асхат Аймағамбетов “Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды?” деген сұраққа жауап берген.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа соңғы қоңырауды қайтадан 25 мамырға ауыстыру мәселесі жөнінде пікір білдірді