×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Соғыс басталғалы Ресей қанша әскерінен айырылғаны белгілі болды

15.07.2022, 16:21
Anadolu

Ресей-Украина соғысы басталғалы бері Ресей армиясы 38 мың әскерінен айырылған. Бұл туралы Украина қарулы күштері Бас штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас штаб мәліметінше, ресейліктердің 1 672 танкі, 842 артиллериялық жүйесі, 220 ұшағы және 188 тікұшағы жойылған.

15 шілдедегі жағдай бойынша Ресейдің Украинадағы шығындары:

– шамамен 38 000 (+130) адам қаза тапты;
– танктер – 1 672 (+5);
– жауынгерлік броньды машиналар – 3 866 (+14);
– артиллериялық жүйелер – 842 (+2);
– РСЗО – 247;
– әуе шабуылына қарсы күрес құралдары – 109 (+0);
– ұшақтар – 220 (+1);
– тікұшақтар – 188 (+0);
– жедел-тактикалық деңгейдегі ұшқышсыз басқарылатын аппараттар – 681;
– қанатты зымырандар – 155 (+0);
– кемелер / қайықтар – 15 (+0);
– автомобиль техникасы және автоцистерналар – 2 731 (+11);
– арнайы техника – 67 (+0).