×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін

31.05.2023, 17:23
Қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
Фото: golos-naroda.kz

Бұл туралы Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жинмен кездесуден кейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгінгі кездесу барысында Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жин мырзамен мемлекетаралық байланыстың маңызын ескеріп, екі ел азаматтарының еңбек және көші-қон құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін ортаға салдық. Өз тарапымнан, Қазақстан азаматтарының Кореяда заңды жұмыс істеуі мәселесіне мән беріп, әсіресе, аталған елдің «Еңбекке рұқсат беру жүйесінің» тізіміне Қазақстанды қосуы еліміз үшін аса маңызды екеніне назар аудардым», - деді Мұрат Нұртілеу брифингте.

Министрдің айтуынша, Оңтүстік Кореямен саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық өрісін кеңейту - екі елге ортақ іс.

«Пак Жинмен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді тағы қуаттап, екіжақты қарым-қатынасымызды жаңа белеске шығаруға ортақ күш салатынымызға кәміл сенімдімін», - деді ол.