×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Алмасадам Сәтқалиев қол астындағыларға қатаң ескерту жасады

19.07.2022, 20:42

«Самұрық-Қазына» қорының топ-менеджерлері сатып алуды өткізу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін жеке жауап береді. Бұл туралы  «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қорды реформалау бойынша Жоспарды іске асыру жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қор сатып алу процестеріне әдістемелік басшылықты және Қор мен портфельдік компаниялардың сатып алуын жүзеге асыру саласында бақылауды ғана қамтамасыз ететінін тағы да атап өткім келеді.

Бірінші басшылар мен сатып алу мәселесіне жетекшілік ететін басшылар сатып алуды өткізу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін жеке жауапты болады. Бұған қоса, бақылау нәтижесі бойынша тапсырыс берушілердің қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бар іс-әрекет фактісі анықталса, Қор бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына беретінін ескертемін», - деді Қор басшысы.

Басқарма төрағасы Қор тобындағы компаниялар шығынын оңтайландыруды, әкімшілік-басқару қызметкерлері еңбекақысын көтерудің барлық фактісін тексеруді тапсырды. Ішкі аудит қызметіне шетелдік іссапарлар мен өкілдік шығыстарын қосып, басшылық шығындарын да тексеру жүктелді.

 Сонымен бірге портфельдік компаниялар басшыларына міндеттер қойды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа мұнай жеткізілімдерін әртараптандыру, Транскаспий бағдарын іске асырудың оңтайлы нұсқасын пысықтау және Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. 

«Эйр Астана» қысқа мерзім ішінде рейстердің тұрақты кідіруі мен тоқтатылуына байланысты қалыптасқан жағдайды өзгерту, компаниядағы рейстердің өзгеруі туралы жолаушыларды алдын ала хабардар ету жүйесі  бойынша қажетті пәрменді шара қабылдасын. «QazaqGaz «ҰК» АҚ басшылығына жыл соңына дейін солтүстік өңірлерді газдандыру үшін сұйытылған газ өндіру зауытын салудың орындылығын зерделеу, ал «Самұрық-Энерго» №3 блокты аяқтап, №4 және №5 блоктарды сала отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді.