×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Шымкентте қантқа таласқандар дүкенде жанжал шығарды

20.07.2022, 09:24
видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде қант үшін кезекте тұрғандардың жанжалы таспаланған видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео авторының сөзінше, оқиға Шымкенттегі супермаркеттердің бірінде болған. 

Сауда орнының қызметкерлері жағдайды реттеуге тырысқанымен, кезекте тұрғандардың шыдамы таусылғаны аңғарылады. Қантқа жетуге асыққан әйелдердің бірі супермаркеттің дәл ортасында адамдарға айғайлай бастаған.

"Сіз бұл фильмдегі көрініс деп ойлайсыз ба? Жоқ, бұл Шымкенттегі Magnum дүкендерінің бірінде қант сатып алуды армандайтын адамдар", - делінген роликтің сипаттамасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды қаласында қантқа таласқан тұрғындар дүкенде шу шығарған. Олардың жанжалын тоқтату үшін сатушы тіпті полиция шақыруға мәжбүр болған еді.